22 Қазан 16:20

Шорт-тректен Әділ Ғалиахметов ширек финалға өтті

Фото:

Бейжіңде шорт-тректен лицензиялық әлем кубогінің бірінші кезеңі жалғасуда, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Алматы, NEGE.  Екінші жарыс күнінде Қазақстан командасының мүшесі ширек финалға шықты. 1000 метрге жүгіруден сынға түскен Әділ Ғалиахметов ¼ айналымға өтті. Әйелдер арасында бұл қашықтықта Ольга Тихонова сынға түскен болатын. Алайда, ол бірінші кезеңнен аса алмады.

Сондай-ақ, эстафетадан сынға түскен Қазақстан әйелдер және ерлер командасы жартылай финалға өткен жоқ. Осы орайда, ерлер командасы мәреге жеткенге дейін үздік болғанын айта кету керек. Алайда, соңғы секундтарда Италия құрамасы озып кетті. 

Айта кетелік, бұған дейін Денис Никиша ширек финалға өтті. Ал 1500 метрде жартылай финалға Әділ Ғалиахметов пен Нұртілек Қажығали өтті. 

 

Тегтер: