23 Қазан 12:20

Шавкат Рахмоновтың алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады

Фото:

24 қарашада ережесіз жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (12-0) ең ірі ММА-промоушн – UFC-де алғашқы айқасын өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Алматы, NEGE. Ол Әбу-Даби қаласындағы (БАӘ) «Жекпе-жек аралында» өтетін UFC 254 жарысында бразилиялық Алекс Оливейрамен жекпе-жекке шығады (22-8-1-2). Бұл айқасты UFC Fight Pass сервисінде тікелей эфир арқылы көруге болады.

UFC ресми сайтының мәліметінше, Рахмонов — Оливейра жекпе-жегі прелимдерде өтіп, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:00-ден кейін басталады. Еске сала кетсек, UFC 254 жарысының хедлайнерлері – ресейлік жекпе-жек шебері Хабиб Нұрмағамедов (28-0) және американдық Джастин Гэтжи (22-2). Нұрмағамедов ұтыс ретінде өзінің жеңіл салмақтағы чемпион белдеуін тігеді.

Тегтер: