Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алды?
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC турнирінде өткізген екінші жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды.
Алматы, NEGE. Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night турнирінде қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов бразилиялық Мишель Празересті тұншықтыру әдісімен жеңген болатын. Бұл - отандасымыздың ММА-дегі он төртінші, ал UFC-дегі екінші жеңісі. Сонымен қатар, қазақстандық өзінің барлық кездесулерін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал оның қарсыласы Мишель Празерес мансабында төрт рет қарсыласына есе жіберді. Prosports.kz ұсынған ақпаратқа сәйкес, Шавкат Рахмонов жекпе-жек үшін 40 мың доллар сыйақы алған.
Оның ішінде, 18 мың доллар айқасқа шыққаны үшін, 18 мың доллар жеңіске жеткені үшін және 4 мың қосымша сыйақы. Еске сала кетейік, өткен жылдың 25 қазан күні Абу-Дабиде өткен UFC 254 турнирінде қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC промоушеніндегі алғашқы кездесуін сәтті өткізді. Ол бразилиялық Алекс Оливейраны бірінші раундта жеңген болатын.
Қазір оқып жатыр
Алматы және Алматы облысында электр энергиясы тарифін 8,3%-ға көтеру ұсынылды
Әбілқасымованы отставкаға жіберу туралы петицияға агенттік жауап берді
Таиландтан сәлемдеме алып жүрген алматылық жігіт 16 жылға сотталды
Ресейде кәмелетке толған азаматтарға әке-шешесін ата-ана құқығынан айыруға рұқсат етілмек