14 Қараша 14:42

Салах вирус жұқтырды

Фото:

Спортшының инфекцияға шалдыққанын жұма күні Мысыр футбол қауымдастығы мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Ұйымның хабарлауынша, Салахта аурудың ешқандай белгілері байқалмайды, коронавирус жұқтырғаны оның тест нәтижесінде анықталды.

Мысыр құрамасы Африка ұлттарының кубогына дайындалып жатыр. Сенбі күні команда Тогомен іріктеу матчын өткізеді.

«Құраманың басқа ойыншыларында коронавирус анықталған жоқ», - деп толықтырды қауымдастық.

«Салах Премьер-лиганың биылғы маусымында 13 матч өткізіп, 10 гол соқты. Бірнеше күн бұрын ол бауырының тойына барған. Видеода шабуылшының қонақтармен құшақтасып, билеп жатқанын байқауға болады. Қонақтардың ешқайсысында маска болған жоқ. «Ливерпуль» келесі ойынын «Лестерге» қарсы өткізеді. Матч 21 қарашаға жоспарланған. Мо Салах «Ливерпульдің» маңызды ойыншысы, бірақ оның ойынға қатыспауы команданы карантинге жатқызып қойғаннан жақсы», - деп жазды ВВС агенттігі.

Тегтер: