31 Шілде 14:30

Сәкен Бибосынов ширек финалға шықты

Фото:

Токиода өтіп жатқан Олимпиадада қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Францияның былғары қолғап шебері Биллал Биннаманы жеңді.

Алматы,  NEGE. Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының ширек финалына шықты. Есеп - 5:0.

Айта кетейік, 26 шілдеде қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасында 1/8 финалға жолдама алған болатын. 

Алғашқы кезеңде Бибосынов Пуэрто-Рико өкілі Янкель Ривера Фигероамен жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы қарсыласын 4:1 есебімен жеңген еді. 

29 жастағы Бибосынов - 2019 жылғы әлем чемпионаты мен 2021 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. 

Тегтер: