8 Желтоқсан 10:17

Садриддиннің соққысына қарсылас шыдай алмады

Фото:

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (10-0, 9 КО) өзінің кәсіби рингтегі кезекті кездесуін өткізді. 

Алматы, NEGE. Ахмедов аргентиналық Хосе Вильялобоспен (12-5-2, 7 КО) кездесті. Садриддиін жетінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді. Отандасымыз оған дейін де аргентиналықты бұрыштан-бұрышқа қуалап, соққының астына алды.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық үшін бұл 2019 жылғы 5-ші жекпе-жек. Оның төртеуін мерзімінен бұрын аяқтады. Ахмедовтің осымен кәсіби рингте 11 жеңісі бар және ол өзінің жеңісті жолынан жаңылмай келеді.

 

Тегтер: