24 Қазан 10:43

Рыбакина Линц WTA турниріне қатысады

Фото:

Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина Аустриядағы Линц WTA турниріне қатысады. 

Алматы, NEGE. Жарыстың Твиттердегі парақшасында оған қатысушылардың тізімі жарияланды.

Олардың ішінде Е.Рыбакинамен қатар Беларусь өкілі Арина Соболенко, чехиялық Маркета Вондроушова, бельгиялық Элисе Мертенс, эстониялық Анетт Контавейт, америкалық Дженнифер Брэйди, украиналық Даяна Ястремская, ресейлік Екатерина Александрова және басқа теннисшілер бар. Биыл аталмыш дода 11-18 қазан аралығында өтуі тиіс еді.

Әйтсе де коронавирус індетіне байланысты 7-15 қарашаға қалдырылды. Өткен жылы финалда латвиялық Елена Остапенконы 6:3, 1:6, 6:2 есебімен жеңген америкалық Кори Гауфф чемпион атанған болатын.

Тегтер: