7 Қаңтар 17:57

Рыбакина Абу-Дабидегі турнирдің екінші айналымына шықты

Фото:

Елена Рыбакина Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан WTA 500 Abu Dhabi WTA Women's Tennis Open турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Алматы, NEGE. Бірінші айналымда отандасымыз италиялық Лукреция Стефаниниді жеңді.  Тура 1 сағатқа созылған кездесу 6:1, 6:3 есебімен аяқталды. 

Айта кетейік, екінші айналымда Рыбакина голландиялық Аранчия Рус пен қытайлық Ван Сию арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Тегтер: