20 Желтоқсан 18:44

Пеленің рекордын кім қайталады?

Фото:

«Барселона» клубының 33 жастағы шабуылшысы Лионель Месси аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Пеленің бір команда сапында соғылған гол саны бойынша рекордын қайталады, – деп хабарлайды Daily Mail.

Алматы, NEGE. Аргентиналық футболшы Испания чемпионатында «Валенсия» командасына қарсы өткен ойында 643-голын соқты. Осылайша, ол франциялық France Football журналының нұсқасы бойынша ХХ ғасырдың үздік футболшысы атанған Пеленің рекордын қайталады.

Пеле – әлем кубогын 3 рет жеңіп алған жалғыз футболшы. Ол Бразилия ұлттық футбол құрамасы сапында 1958, 1962 және 1970 жылдары жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанған еді.

Айта кетейік, Месси «Барселонада» 2004 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Футболшы каталониялық клуб сапында 34 турнирде жеңіске жетіп, 6 рет «Алтын доп» иегері атанған. Ол барлығы 747 ойынға қатысып, 643 гол соққан.

Тегтер: