25 Қыркүйек 09:23

Параспортшылар Еуропа чемпионатынан табысты оралды

Фото:
15-23 қыркүйек аралығында Түркияның Ыстанбұл қаласында пара таэквондо бойынша IS Еуропа чемпионаты өтті.

 

Алматы, NEGE. Оған әлемнің 12 мемлекетінен 121 спортшы қатысты.

Бұл - Париж 2024 паралимпиада ойындарына рейтингтік ұпай беретін алғашқы ірі жарыс болды.

Чемпионатта Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада құрама командасы 4 медаль ұтып алды:

1 орын - Мәлік Мұқашев (к41 -80 кг)

1 орын - Кәмиля Досмалова (к44 +75 кг)

3 орын – Нышан Өмірәлі (к44 -80 кг)

3 орын – Нұрлан Домбаев (к44 -80 кг)

Оған қоса, жалпыкомандалық есепте Қазақстан Ресей мен Түркиядан кейін үшінші орын алды.

Тегтер: