Спорт

16.12.19 Биатлоншы Дарья Буйчик Sport Camp-те үшінші орын алды  

Поклюкада (Словения) IBU Халықаралық Биатлоншылар одағының қамқорлығымен Sport Camp өтті. Шараға Қазақстан атынан Самсон Михайлов, Дарья Буйчик пен Самсонның жеке бапкері Руслан Шевченко қатысты, деп хабарлайды  ҚР ҰОК баспасөз қызметі.   

16.12.19 Құзға өрмелеушілер 4 медаль алды

Бангалор қаласында спорттық құзға өрмелеуден Азия жастар чемпионаты өтіп, қазақстандық жас спортшылар 4 медаль олжалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

16.12.19 Әнұран ауысып кетті

 Ресейдегі хоккей турнирін ұйымдастырушылар Бірінші арна Кубогында қателесіп, Чехия әнұранының орнына Қазақстандікін қойған, – деп хабарлайды Lenta.ru.

15.12.19 Руслан Әбдіразақ әлем чемпионы атанды

Ақтөбе төрінде өткен Қазақ күресінен әлем чемпионатында Руслан Әбдіразақ ешкімге дес бермеді.

15.12.19 58 жастағы кикбоксшы Лаура 21 жасар қарсыласын жеңді

Кикбокстан өткен Shamrock FC турнирінде 58 жастағы спортшы Лаура Ли Джонс қарсыласы 21 жастағы Рэй Остемповскиді жеңді, деп жаһандық БАҚ өкілдері сүйіншілеп жатыр.

15.12.19 Қазақ күресінен Әлем чемпионаты қызып жатыр

Qazaq Kurеsi халықаралық федерациясының хабарлауынша, боз келемде Украина, Грузия, Австрия, Норвегия, Эстония, Франция, Ирландия, Германия, Пәкістан, Өзбекстан, Иран, Ұлыбритания, Қырғызстан, Үндістан, Литва, Словения, Ресей палуандары белдесіп жатыр.

15.12.19 Олимпиада чемпионы НЕГЕ өкпелі?

Олимпиада чемпионы, белгілі фигурист Алина Загитова алдағы уақытта өтетін дүниежүзілік жарыстарға қатыспайды. Бұл туралы спортшы БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.

15.12.19 "Канело" кезекті жекпе-жегін ресейлік боксшымен өткізуі мүмкін

Екінші орта салмақта сынға түсетін ресейлік боксшы Федор Чудинов (22-2, 15 КО) үш салмақта әлем чемпионы Сауль Альвареспен (53-1-2, 36 КО) жекпе-жек өткізуге ресми үміткер атанды. Бұл туралы ресейліктің промоутері Владимир Хрюнов айтты.