Спорт

17.10.20 Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде ең мықты боксшылардың үштігіне кірді

  Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) рейтінгіндегі ең мықты боксшылар үштігіне кірді, деп хабарлайды Vesti.kz. 

17.10.20 ҚХЛ: «Барыс» «Ак Барсты» алты жылдан кейін жеңді

Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін Ресейде Қазан қаласының «Ак Барс» командасымен кездесті. 

15.10.20  УЕФА Чемпиондар лигасының ережесін өзгертті

Коронавирус пандемиясының жалғасуына байланысты УЕФА Атқарушы комитеті футзалдан 2020/21 жылғы Чемпиондар лигасының форматына бірқатар өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

12.10.20 Хоккей: Қазақстан чемпионаты қашан басталады?

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты 19 қазанда басталады. Алғашқы тур еліміздің 6 қаласында өтеді.  

12.10.20 Керлингтен аралас жұптар арасындағы іріктеу сыны қашан өтеді?

Керлингтен аралас жұптар арасындағы іріктеу турнирлері коронавирусқа байланысты өткізілмейді.

12.10.20 Қазақстан мен Албания Ұлттар лигасында тең түсті

Қос құрама матч барысында тең дәрежеде ойын көрсетті. Бірінші кезеңде екеуінің де гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған еді. 

10.10.20 Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жеттіnews video

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) кәсіпқой рингтегі тоғызыншы кездесуін өткізді. Алматы, NEGE. Бокс кеші АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегаста өтті. Қазақ стилін әлемдік аренада танытып жүрген Әлімханұлы осы кеште де көп назарын аудартты. 27 жастағы қазақ боксшысының қарсыласы да осал болмады. 23 жасқа жаңа толған аргентиналық Гонсало Кория (16-3, 6 КО) жас та болса тәжірибелі. Десе де 9 раундқа жоспарланған кездесуді отандасымыз екінші раундта нокаудпен аяқтады. Осылайша,  Жәнібек Әлімханұлы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. 

10.10.20 Әйгілі «Париж-Рубе» өтпейтін болды

Әлемге әйгілі «Париж-Рубе» біркүндік веложарысы Франциядағы карантин шараласына байланысты өтпейтін болды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі.