Спорт

03.11.20 «Қайрат» – чемпион

Алматының «Қайрат» футбол клуб Қазақстан чемпионатының «алтын» жүлдесін жеңіп алды. Алматы,  NEGE. Қазақстан Премьер-лигасының 17-туры аясында Алматының орталық стадионында «Қайрат» Шымкенттің «Ордабасы» клубын қабылдады. Кездесу есебін бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав ашты. Мұнан соң «Ордабасы» футболшылары айып алаңында Вагнер Лавты шалып шығып, төреші пенальти белгіледі. Нұрәлі Әліп қателескен жоқ. Екінші таймда чемпионаттың үздік шабуылшысы Жоао Пауло гол соғып, есеп айырмасын қысқартқан. Алайда «Қайрат» қарқынын тоқтатпады. Ойын соңына таман алматылықтар үшінші голын соқты. Осылайша матч 3:1 есебімен «Қайраттың» пайдасына шешілді. Чемпионатта 44 ұпайды қанжығасына байлаған алматылық команда мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанды. Соңғы рет алматылықтар 2004 жылы елдің үздік командасы атанған еді.

03.11.20 Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жекке жыл аяғына дейін шығады

Кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов келесі айқасын жыл соңына дейін өткізбек. 

02.11.20 Отандасымыз жеңілмеген ресейлікпен айқасады

Бүгін қазақстандық боксшы Александр Журавский (13-6-1, 11 КО) кезекті жекпе-жегін кәсіби рингте өткізеді.  

02.11.20 Конор МакГрегор қайта оралды

UFC ұйымының екі салмақ бойынша бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор аралас жекпе-жекке оралып, жеңіл салмақта өнер көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

01.11.20 Волейболдан Қазақстан кубогінің үздік ойыншылары анықталды

 Волейболдан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан кубогінің үздік ойыншылары анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

01.11.20 Нұрдәулетов пен Жүсіпов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жетті

Атырауда кәсіби бокс кеші өтіп, Қазақстан командасының мүшелері Бекзад Нұрдәулетов пен Абылайхан Жүсіпов жеңіске жетті, деп жазады Olympic.kz.

01.11.20 Мбаппе ең қымбат футболшы атанды

Франция құрамасы мен ПСЖ-ның шабуылшысы Килиан Мбаппе 21 жастан аспаған футболшылардың ішінде ең құндысы атанды. 

31.10.20 Astana Open: Кукушкин есе жіберді

Қазақстандық Михаил Кукушкин Astana Open ATP 250 турнирінің жартылай финалына өте алмады.