Спорт

16.01.21 Токио-2021: Не күтеміз?

Тарих қайталанып отырады деген рас-ау, сірә! Өткен жылы Токиода өтуі керек болған жазғы олимпиада ойындары осымен екінші рет кейінге шегерілді. 1940 жылы екінші дүниежүзілік соғыстың кесірінен XII жазғы олимпиада ойындары өтпей қалды. Ал XXXII олимпиада короновирус енгізген пандемия себепті биылғы жылға ауыстырылды. 

15.01.21 Теннис: Денис Евсеев финалға шықты

Қазақстандық Денис Евсеев украиналық Владислав Орловпен бірге жұптық сында Анталиядағы (Түркия) ITF турнирінің финалына шықты.  

14.01.21 Қазақ спорт академиясының 15 студенті Токиоға лицензия алуға үмітті

Жыл сайын әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының рейтингі жарияланады.

13.01.21 GGG неміс промоутерімен жұмыс істеуі мүмкін

Жақында ғана орта салмақтағы WBA уақытша чемпионы Крис Юбенкпен жұмыс істей бастаған неміс промоутері Калле Зауэрланд IBF және IBO титулдарының иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек ұйымдастыруға ниетті.  

12.01.21 Бублик Анталия турнирінің финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Анталия ATP 250 турнирінің финалына шықты.  

12.01.21 Мұхтархан Ділдәбеков жаңа қызметке тағайындалды

Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері, бокстан әлем чемпионы (1999 ж) Мұхтархан Қабланбекұлы Ділдәбеков жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұхан әлеуметтік желіге жазды.

12.01.21 Қазақстандық футбол клубының директоры қайтыс болды

Көкшетаулық "Оқжетпес" футбол клубының директоры Ерлан Бөтембаев 47 жасына қараған шағында көз жұмды, - деп хабарлайды Vesti.kz "Қызыл-Жар СК" командасының баспасөз қызметі.

11.01.21 13 жасар Зара еуропалықтарды тәнті етті

Қазақстандық, 13 жасар Зара Даркен Еуропа теннис федерациясының жаңартылған жасөспірімдер рейтингісінде үздік 30 ойыншының қатарына кірді.