19 Ақпан 19:30

Өзбекстандық қазақ палуан – 5 мәрте Құрлық чемпионы!

Фото:

Өзбекстандық қазақ жігіті Елмұрат Тасмұратов Азияның грек-рим күресі бойынша біріншілігінің алтын медалін бесінші мәрте жеңіп алды.

Алматы, NEGE. Біріншіліктің алғашқы күнінде қарсыластарының бәрін жеңген Тасмұратов финалда кореялық Жинг Су Сонды да тізе бүктірді.

Елмұрат Зұлпыхарұлы Тасмұратов – 1991 жылы 12 желтоқсанда Ташкент облысының Бостандық ауданында туған. 2004 жылы Түркістан қаласына келіп, 4 жыл Бекзат Саттарханов атындағы мектеп-интернатта оқыды. Кейін Қазақстан құрамасына үміткер болып қабылданды. 2008 жылы Дәулет Тұрлыхановтың турнирінде ұтылғаннан кейін бұл саптан шығып қалды. Өзбекстанға қайта оралған ол 2012 жылы Лондон Олимпиялық ойындарына қатысып, 16-орынға ілікті. Ал, 2013, 2014 жылдары Азияның қола медаліне қол жеткізіп, кейін 2015, 2016, 2017, 2018 және 2020 жылдары құрлық чемпионы атанды. Тек 2019 жылы күміс жүлдені қанағат тұтқан.

Тегтер: