9 Мамыр 12:11

Олимпиада медалінен айырды

Фото:

Ауыр атлетшілеріміз бірінен соң бірі олимпиада жүлдесінен айырылып жатыр. Себеп сол баяғы – допинг.

Алматы, NEGE. Ауыр атлетикадан Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Анна Нұрмұхамбетова медалінен айырылды. Оны тексергенде, қанынан анаболикалық стероид туринабол табылған. Енді ол 2023 жылдың қыркүйегіне дейін жарыстарға қатыса алмайды. Бұл туралы Ұлттық олимпиялық комитеттінің сайты хабарлады.

Допингпен ұсталған Нұрмұхамбетова ғана емес. Жеңіл атлетикадан (ғимарат ішіндегі) әлем чемпионы Любовь Ушакова, велотректен Азияның екі дүркін жүлдегері Роман Василенков, волейболдан ұлттық құрама мүшесі Антон Кузнецов, хоккейші Владислав Никифоров бар. Бұлардың барлығы екі жылдан төрт жылға дейін спорттан шеттетілді.

Тегтер: