16 Сәуір 18:53

Олимпиада чемпионы Серік Сапиев сатирикпен жаттығу жасады

Фото:

Стендап-комик Нұрлан Сабуров бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен жаттығу өткізді.

Алматы, NEGE. Екі танымал қазақстандықтың жаттығуы түсірілген видео Серік Сәпиевтің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

«Нұрланмен жаттығу жасадым. Видеода соққысы қойылғанын, бокс мектебі жақсы екенін өздеріңіз де көріп тұрсыздар», – деп жазды Олимпиада чемпионы видео сипаттамасына.

Серік Сәпиев – қазақстандық саяси қайраткер, Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы. Боксшы, 2005 және 2007 жылдардағы әлем чемпионы, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы. Еңбек сіңірген спорт шебері, Вэл Баркер кубогының иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері.

Нұрлан Сабуров - стендап жанрында кең танымалдылыққа ие болған қазақстандық комик. Ресейдің үздік жас әзілкештерінің ондығына кіреді. Степногорск қаласында туып өскен. Бала кезінен бокспен айналысады.

2020 жылы ресейлік Forbes Сабуровты 30 жасқа дейінгі болашағы зор ресейліктердің бірі деп атады, оны «жаңа медиа» санатындағы «З0-30» рейтингіне кіргізді. Басылымның мәліметінше, Сабуровтың бір қойылымы 10 000 долларға бағаланады.

Тегтер: