USD
USD
USD

Нұрғожа Қайпанов еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанды

 Еркін күрестен Қазақстан командасы үздіктерінің бірі Нұрқожа Қайпанов екі дүркін Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Нұрғожа Қайпанов еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 74 келіге дейінгі салмақта белдескен ол финалда ирандық Мұстафа Хосейнханимен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бірінші кезеңде 0:2 есебімен ұтылып жатқан Қайпанов екінші кезеңде күшіне мініп, өзінің чемпиондық атағын қорғап қалды.  Еске сала кетейік, Нұрқожа Қайпанов 2019 жылы Қытайда өткен Азия чемпионатында да топ жарған болатын. Былтырғы маусымнан бастап Нұрқожа олимпиадалық салмаққа ауысты.  Бұл Қазақстан командасының Азия біріншілігіндегі екінші алтыны. Кеше еркін күрес шебері Талғат Сырбаз 70 келіде жеңіске жеткен болатын. 

Қазір оқып жатыр

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов