28 Маусым 13:21

«Номад» бапкері тағайындалды

Фото:

«Номад» хоккей клубының бас бапкері лауазымына Александр Высоцкий тағайындалды. 

Алматы, NEGE. ҚР Ұлттық олимпиада комитеті мәліметінше, Александр Высоцкий 9 жыл бойы «Барыс» хоккей клубында жұмыс істеген.

Халықаралық деңгейде, сонымен қатар құрлықтық, халықаралық, жоғары хоккей лигаларында жұмыс істеу тәжірибесі бар.

Ол соңғы 6 маусымда «Снежные Барсы» хоккей клубының штабында және Қазақстанның жастар құрамасында жұмыс істеген.

Өткен маусымның соңында Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін «Астана» хоккей клубының бас бапкері болған еді.

Тегтер: