4 Қазан 17:48

NFC-34: Қазақ жігіттері басымдық танытты

Фото:

Күні кеше «Алматы-Арена» мұз сарайында аралас жекпе-жектен NFC-34 халықаралық ММА шоуы өтті. 

Алматы, NEGE. Кештің басты жекпе-жегі ресейлік қандасымыз Серік Разғалиев пен қырғызстандық Бекзат Исаков арасында өтті. Ал, негізгі жекпе-жекте отандасымыз Арман Ашимов және әзірбайжандық Сержан Валили октагонның көркін кіргізді. 

Жалпы, кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Спортшылардың дайындығы да жоғар деңгейде екені байқалды. Аренаға жиналған қауым мен мелідегі жұртшылық бас-аяғы 13 жекпе-жектен 12 нокаут көрді. Тек, қазақстандық Шыңғыс Қайранов қана үпай айырмасымен қарсыластан басым түсті. Айтпақшы, Шыңғысқа кәсіпкерлер осы жекпе-жегі үшін Ақтау қаласынан 1 бөлмелі пәтер сыйлады. 

12 нокаут, оның алқашқысын қос қазақстандық спортшы көрсетті. Сегіз бұрышқа ең бірінші шыққан Роман Жомарт пен Мәулен Әшімхан арасындағы жекпе-жек 17 секундқа жалғасты. Осы уақыт ішінде Роман қарсыласты сұлатып үлгерді. 

Октагонға екінші шыққан Асылжан Таскет пен ресейлік Хадис Рашидханов жекпе-жегі ұзаққа созылмады. Таскет қарсыласты үшінші минутта нокаутқа жіберді. 

Нокауд сериясын жалғастырған Архат Мыңбаев көпшілікті тәнті етті. Оның аяқпен жасалған жойқын соққысына қырғызстандық Мелісбек Абдурахманов шыдай алмады. 

Кезекті жекпе жекте ресейлік Абдулла Исаев қарсыласты қапы қалдырса, одан кейін өнер көрсеткен отандасы Арсен Валиантс өзбек спортшысынан айласын асыра алмады.

 

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Айбек Нұрсейіт, Ержан Естанов пен Әбу Нұрболат та бірінен кейін бірі қарсыластарын нокаутқа жіберді. 

Әбуден кейін алаңға шыққан Шыңғыс Қайранов қарсыластан басым түсті, бірақ, жанкүйерлер нокаут көре алмады. 

Қырғызстандық Қанатбек Келдібеков Сырым Бектұрсыннан айласын асырып кетті. Сырым жекпе-жектің екінші минутында ауыр соққылардың астында қалғасын төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр қалды. 

Жеңімпазды жариялау сәтінде октагонға Айбек Нұрсейіт шығып Қанатбекті жекпе-жекке шақырды. Бәлкім жанкүйерлер жуық арада екі спортшы арасындаға тартысты көріп қалар. 

Қазақстандық Мұрад Абдрахманов та украниналық қарсыласын оныншы секудта нокаутқа түсірді.

 

Сонымен, жанкүйерлер екі жыл күткен Арман Ашимов сегіз бұрышқа шықты. Ұзақ уақыт үзілістен кейін Арман әлі бабында екенін көрсетіп, алқашқы раундта Серхан Валилиді жеңіп кетті. Серхан үздіксіз соққылардан кейін жекпе-жекті жалғастыра алмады. 

Ресейлік қандасымыз Серік Разғалиев те Исккаковтан басым түсіп, тамаша жекпе-жек көрсетті. Бұл 12 нокаут болып NFC-34 кеші аяқталды. 

Тегтер: