15 Желтоқсан 08:13

Неймар мен "Барселона" арасындағы дау НЕГЕ ушықты?

Фото:
Франциялық "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Неймар каталониялық "Барселонаны" тағы да сотқа берді. Бұл туралы жаһандық БАҚ жарыса жазып жатыр.

 

Алматы, NEGE. Неймар сырт көзге момын көрінгенмен өз ақысын жұртқа жегізбейтін болып шықты. 27 жастағы спорт жұлдызы бұған дейін де атақты "Барселона" клубымен дауласқан. Оның соңы сотқа да ұласып еді. Ол кезде Неймар ақша өндіріп алу үшін сотқа жүгінген. Сөйтіп 43,6 миллион еуро сұраған. Неймар каталониялық клубқа оралу үшін арызын қайтарып алуға да дайын болған деген ақпарат шыққан, бірақ бұл трансфер жасалған жоқ. 

Бұл жолы Неймар "Барселонадан" төленбеген жалақысы мен келісімшартты ұзартқанда берілетін бонусы үшін 3,5 миллион еуро талап етті. Бразилиялық футболшы аталған клубта 2013 пен 2017 жылдар арасында ойнаған. 

Осы маусымда Неймар ПСЖ сапында барлық турнирде 10 матч өткізіп, жеті гол мен үш нәтижелі пастың авторы атанды.

Тегтер: