Назым Қызайбай Азия чемпионы атанды
31 мамыр, 10:37

Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия біріншілігінде Қазақстан командасы екінші алтынын жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.
Алматы, NEGE. Қазақстан командасының көшбасшысы, 51 келідегі Назым Қызайбай финалда әлемнің алты дүркін чемпионы, үндістандық Мэри Комды жеңді. Төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Назымға берген. Айта кетелік, бұған дейін Алуа Балқыбекова Азияның алтынын иемденген болатын.