5 Желтоқсан 10:27

Месси мен Роналду НЕГЕ таласты?

Фото:

Аргентина құрамасының әрі "Барселона" футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси "Алтын доп" жүлдесінің иесі неге байланысты анықталатынын айтты.

Алматы, NEGE. "Мен әлде Роналду мықты ма, оны айта алмаймын. Біздің міндет бөлек: ол – бомбардир, ал менің стилім басқа. "Алтын допты" алу үшін тамаша маусым өткізіп, Чемпиондар лигасында жеңу қажет. Клубпен бірге жеткен жеңіс бұл жүлдені алуға мүмкіндікті арттырады", – дейді аргентиналық футболшы.

Лионель Месси осыған дейін "Алтын доп" жүлдесін өзі сияқты бес рет алған адам бары қатты мазалағанын айтады. 

"Криштиану бесінші рет алғанда, ол "Реалмен" ұлы кезеңді бастан өткерген еді. Ол кезде жеңіп алмаған жүлдесі қалмаған, Роналду оған лайық. Мен бұдан артық істей алар едім деп ойладым. Маған бұл қалай тиді? Шынын айтсам, қиын болды. "Алтын допты" бес рет алған тағы бір адам бар екенін сезіну намысыңды қажайды", – деп келтіреді Мессидің сөзін L’Equipe.
 

Тегтер: