25 Сәуір 08:30

Месси әлемнің үздік футболшыларының үштігіне енді

Фото:

 90min.com порталы тарихтағы үздік футболшылардың тізімін жасады.

Алматы, NEGE. Тізімді аргентиналық Диего Марадона бастады. Екінші орында бразилиялық Пеле. Үштікті Лионель Месси аяқтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

90min.com нұсқасы бойынша, тарихтағы үздік 10 футболшы:

  1. Диего Марадона;
  2. Пеле;
  3. Лионель Месси;
  4. Франц Беккенбауэр;
  5. Йохан Кройф;
  6. Роналдо;
  7. Криштиану Роналду;
  8. Зинедин Зидан;
  9. Мишель Платини;
  10. Роберто Баджо.

Айта кетейік, 33 жастағы Месси әлі күнге дейін керемет нәтиже көрсетіп келеді. Ла Лиганың осы маусымында ол "Барселона" үшін 25 гол соғып, үздік бомбардир атанды. Турнир кестесінде каталондық клуб 68 ұпаймен үшінші орында тұр, ол көшбасшы "Атлетикодан" бес ұпай артта.

Тегтер: