1 Сәуір 10:43

Мбаппені тоқтатқан Мокин ұлттық құрамадан НЕГЕ кетті?

Фото:

Қақпашы Александр Мокин ұлттық құрама сапынан кетті. Бұл туралы Kozhakhmet_inside_official телеграмм-каналы жазды.

Алматы, NEGE. «Александр Мокин ұлттық құрамадағы карьерасын тамаша аяқтады.

39 жастағы қақпашы командадағы әріптестеріне Францияға қарсы өткізген ойын өзі үшін ұлттық құрама жейдесіндегі соңғы кездесуі екенін ескертті.

Оның ұлттық құрамадағы жолы кедір-бұдырсыз болды деп айта алмаймын. Алайда оған ешкім мін таға алмаса керек. Саша әрдайым арын алдыға қойды, қолынан келгенін аянбады. Соңғы қойған нүктесі – Килиан Мбаппенің пенальтиін қайтарғаны есте қалады. Рахмет саған, Мока!», – деп жазды телеграмм-канал.

Естеріңізге салайық, кеше түнде Қазақстан құрамасы Киевте Украина командасымен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті. Қақпашы Стас Покатилов тамаша сейфтер жасады. Украина ұлттық құрамасының бас бапкері, әйгілі Андей Шевченконың көңіл күйі болған жоқ. Ал Талғат Байсуфинов алаңнан еңсесі тік шықты.  

Тегтер: