1 Наурыз 09:56

Мария Гречаная мәнерлеп сырғанаудан үздік үштікке енді

Фото:

 Болгарияда мәнерлеп сырғанаудан Sofia Trophy 2021 халықаралық турнирі өтуде.

Алматы, NEGE. Аталған сында қазақстандық Мария Гречаная қола медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.  Мария жасөспірімдер арасындағы бәсекеде жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Ол екі бағдарлама қорытындысы бойынша 144.08 ұпай жинаған.  Бірінші орынды бельгиялық Нина Пинзароне, екінші орынды швейцариялық Кимми Репонд иеленді.

Тегтер: