3 Сәуір 11:16

Макгрегор: Тониді жеңісімен құттықтаймын

Фото:

UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор Хабиб Нұрмұхамедов пен Тони Фергюсонның жекпе-жегіне қатысты пікір айтты.

Алматы, NEGE. Твиттердегі парақшасында Конор Макгрегор былай деп жазды: «Тони Фергюсон мен Хабиб Нұрмұхамедов ойынды әлсіз бастады. Ең бірінші Хабиб қорқып, дағдарыс кезінде еліне қашып кетті. Тониді жеңісімен құттықтаймын».

Хабиб бұл жекпе-жектің өтетініне сенбейді.

«Әлемде аласапыран болып жатыр. АҚШ-та айдан астам жаттықтым. Одан кейін жекпе-жек Абу-Дабиде өтетінін хабарлады. Сол жаққа жол тарттым. Дубайға қонғанымызда шекараның жабық екенін естідім. Осыдан кейін Дағыстанға келіп, жаттығып жатырмын» деп жазды ол.

Тегтер: