28 Сәуір 09:41

МакГрегор Порьеге уәде еткен 500 мың долларды қайырымдылыққа жұмсады

Фото:

Конор МакГрегор Дастин Порьеге уәде еткен 500 000 долларды сыйға тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Алайда, ақша америкалық файтердің қорына түскен жоқ, бірақ Порьенің туған қаласы Лафайетте орналасқан «Акадиананың балалар клубы» қайырымдылық қорына аударылды. Бұған дейін спортшылар арасында ауқымды жанжал туындаған: америкалық МакГрегорды өзінің қайырымдылық ұйымына уәде еткен жарты миллион долларды аудармады деп айыптады. Ал Конор Порье ақшаны өзіне иемденіп алуы мүмкін деп қарсы айып тақты. Оның айтуынша, Дастин уәде етілген қаржы жоспарын ұсынбаған және оған қайырымдылық ақшаның не үшін жұмсалатынын түсіндірмеген. Кейін Дастин бұл оқиғаны көпшілікке жария еткені үшін кешірім сұрады.

Тегтер: