6 Желтоқсан 17:45

Макгрегор Хабибпен кездескісі келеді

Фото:

«ММА-дан ирландтық төбелесқор Конор Макгрегор америкалық Дональд Серронені жеңіп, содан соң қайтадан ресейлік Хабиб Нұрмагомедовпен жекпе-жек өткізуді көздеп жүр», – дейді, (UFC) басшысы Дэйн Уайт.

Алматы, NEGE. Дэйн Уайт жуырда Макгрегор мен Серроне арасындағы кездесудің UFC 246 турнирі негізінде 18 қаңтар күні Лас-Вегаста өтетіндігін растаған.

Макгрегор өзінің соңғы жекпе-жегін 2018 жылдың 6 қазанында UFC 229 турнирі бойынша өткізіп, Хабибтен жеңіліп, UFC-тен жеңіл салмақтағы чемпиондық атағынан айырылып қалған. Аралас жекпе-жек бойынша 31 жастағы Макгрегордің 21 жеңіс пен 4 жеңілісі болса, оның құрдасы Хабибтің көрсеткіші жеңіліссіз 28 жекпе-жек.

Тегтер: