29 Қараша 13:41

Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс тең түсті

Фото:

Бүгін, 28 қарашада аты аңызға айналған америкалық бокс ардагерлері ауыр салмақтағы бұрынғы абсолют әлем чемпионы Майк Тайсон мен төрт салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы кіші Рой Джонс арасында жекпе-жек өтті.

Алматы, NEGE. Лос-Анджелестегі (АҚШ) Staples Center аренасында болған кездесу екі минуттан сегіз раундқа созылды. Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс тең түсті. "Аңыздар шайқасы" деп аталған шоуда WBC арнайы белбеуін ешкім алған жоқ. Айта кетейік, бұған дейін нокаут болмаса, жекпе-жек жеңімпазы анықталмайтыны хабарланған болатын. 

Тайсон жекпе-жекті қарқынды бастады, ал Джонс алғашқы раундта әрекет етуге асықпады, бір жойқын соққы тигізіп те алды.

Екінші раундта Тайсон қысым көрсетуді жалғастырды. Кіші Рой Джонс та бірнеше дәл соққы жасай алғанмен, келесі раундтар Тайсонның басымдығымен өтті. Бірақ төрешілер күтпеген шешім шығарып, екі спортшыны тең түсірді. Тайсонның соңғы кездесуі 2005 жылы, ал Джонстікі 2018 жылы болғанын айта кеткен жөн.

Тегтер: