25 Қыркүйек 19:59

Күрестен Азия чемпионаты қайда өтеді?

Фото:

Біріккен күрес әлемі (UWW) келесі жылғы жарыстардың күнтізбесін жаңартты. Оған сәйкес, күрестен 2021 жылғы Азия чемпионаты Алматыда өтеді.

Алматы, NEGE. ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, күнтізбеге сәйкес Құрлықтық чемпионаттар жыл басына жоспарланып отыр.

Құрлықтық чемпионаттар:

29-31 қаңтар: Океания біріншілігі Паго-Паго, Америка Самоасы

2-7 ақпан: Африка чемпионаты Марракеш, Марокко

8-14 ақпан: Еуропа чемпионаты, Катовице, Польша

16-21 ақпан: Азия чемпионаты, Алматы, Қазақстан

27-30 мамыр: Панамы чемпионаты, Рио-де-Жанейро, Бразилия Олимпиадаға құрлықтық іріктеу жарыстары:

12-14 наурыз: Африка және Океания Олимпиадалық іріктеу турнирі, Эль-Джадида, Марокко

18-21 наурыз: Еуропалық Олимпиадалық квалификатор, Будапешт, Мажарстан

26-28 наурыз: Азия Олимпиадалық іріктеу турнирі, Сиань, Қытай

Олимпиадаға дүниежүзілік іріктеу турнирі:

29 сәуір -2 мамыр: София, Болгария Кадеттер арасындағы Әлем чемпионаты Олимпиада ойындарына кедергі болмас үшін шілде айының соңына ауыстырылды.

Жасөспірімдер арасындағы 2022 жылғы Олимпиада ойындарының мерзімі тағы өзгергендіктен, 2022 жылы кадеттердің Құрлықтық чемпионаты маусым айының соңында өтеді.

Еске салайық, UWW бұған дейін биылғы қырқүйек, қазан айларына белгіленген барлық шаралар ұйымдастырылмайтынын мәлім еткен болатын.

Тегтер: