9 Желтоқсан 09:17

Кубада "Қазақ күресі" секциясы ашылды

Фото:

Кубалық ауыр салмақтағы дзюдошы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, "Әлем Барысы" Рене Брайсон Видал Кубада қазақ күресі секциясын ашты.

Кубалық Оскар Рененің есімі қазақ күресінің жанкүйерлеріне жақсы таныс. Бірнеше жыл бұрын ол "Әлем Барысы" турниріне қатысып, финалда әдемі әдісімен чемпион атанған-ды. Бүгінде ол өз Отанында осы спорт түрін белсенді дамытуда. Оның айтуынша, қазақ күресі – ең тартымды және болашағы жарқын спорт. 

"Маған қазақ күресі ұнайды. Техникалары дзюдоға ұқсас келеді. Менің ойымша қазақ күресінің әлеуеті зор", – дейді Оскар Рене Брайсон Видал. 

Тегтер: