23 Маусым 18:29

Криштиану Роналду рекорд жаңартты

Фото:

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду Италия А сериясында ең көп гол соққан португалиялық ойыншы атанды, деп жазды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. «Болоньяға» қарсы ойында Роналду Италия А сериясындағы 43-голын соқты. Бұл – португалиялық футболшылар арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Бұған дейін аталған рекорд «Милан» мен «Фиорентинаның» бұрынғы жартылай қорғаушысы Руй Коштаға тиесілі болатын. Ол Италия чемпионатында 42 гол соққан. Айта кетейік, Роналду Испания Ла лигасы («Реал», 311 гол) мен Англия Премьер лигасында («МЮ», 84 гол) да дәл осындай рекорд тіркеген болатын. 

Тегтер: