13 Қыркүйек 20:45

Криштиану Роналду маусымдағы алғашқы голын соқты

Фото:

«Ювентустың» португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду маусымдағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Форвард «Новара» командасымен болған жолдастық кездесуде (5:0) гол соқты. Роналду бірінші таймның ортасында айып алаңына өтіп, қақпаны дәл көздеді. «Ювентус» Италия чемпионатының 1-тур матчында өз алаңында «Сампдориямен» ойнайды. Матч 20 қыркүйекте өтеді.

Тегтер: