14 Қаңтар 10:19

Конор МакГрегорды улаған ба?

Фото:

UFC-дің бұрынғы чемпионы, атышулы Конор МакГрегор Хабиб Нұрмұхамедовті тағы да төбелеске шақырды. Ендігі кездесуді ол Мәскеуде өткізгісі келеді. Бұл туралы Gazeta.ru хабарлады.

Алматы, NEGE. «Биылғы жылды Мәскеуде Нұрмагомедовпен кездесумен аяқтағым келеді. Солай болуы керек те. Мәскеуді көрдім. Мәскеу – тамаша қала. Ресей – тамаша мемлекет. Нұрмагомедов менен қашып жүр. Бірақ оған тығыларға жер қалмады» деді МакГрегор.

Ол 2018 жылы қазанда Нұрмагомедовтен неге жеңілгенін де айтты. Сөзіне қарағанда, кездесудің алдында ол вискиді көбірек сіміріп жібергенге ұқсайды. «Ішімді әлдебір у өртеп бара жатқандай болды. Сол себепті де қолымнан келгенді жасай алмадым. Өз мүмкіндігімді көрсете алмадым» деді ол.   

Тегтер: