18 Қыркүйек 13:59

Колин Каперниктің жейдесі 100 мың долларға бағаланды

Фото:

АҚШ ұлттық футбол лигасының жұлдызы Колин Каперниктің жейдесі 100 мың долларға сатылуы мүмкін.

Алматы, NEGE. Ол саудаланатын аукцион желтоқсан айында өтуге тиіс. Колин Каперник екі мәрте Батыс атлетикалық конференциясының үздік шабуылшысы танылған еді. Түрлі көрсеткіштер бойынша талай рекорд орнатқан ойыншы. 2016 жылы оның есімі бүкіл әлемге әйгілі болды. Сол кезде Каперник қара нәсілділерді қорлауға наразылығын білдіріп, АҚШ әнұраны шырқалған кезде, қалыптасқан дәстүр бойынша тізе бүгуден бас тартқан болатын. Осы үшін қатал сынға да ілікті.

Тегтер: