2 Қыркүйек 18:42

ҚХЛ қашан басталады?

Фото:

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты кезеңінің 2020/2021 жылғы маусымындағы алғашқы ойын өткізіледі.

Алматы, NEGE. Жаңа маусым Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) және «Ак Барс» (Қазан) командалары арасындағы кездесумен түріледі.

Бұл ойын елорда уақытымен 22.30-ға белгіленген.

Мәлім болғанындай, тұрақты кезең 27 ақпанға дейін созылады. Оған дейін барлығы 142 ойын күні есептелген. Турнирге қатысатын 23 команданың әрбірі 60 ойыннан өткізеді. Нәтижесінде тұрақты кезеңде барлығы 690 ойын болады.

Халықаралық хоккей федерациясы жылма-жыл өткізетін Еуротур ойындарына байланысты ҚХЛ күнтізбесінде бірнеше үзіліс жарияланады. Еуротур ойындары 2-9 қарашада Финляндияда, 14-20 желтоқсанда Ресейде, 8-15 ақпанда Швецияда өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, 22-24 қаңтарда ҚХЛ жұлдыздарының кездесуін ұйымдастыру ойластырылуда. Командалар Жаңа жыл мейрамы қарсаңындағы 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында да ешқандай ойын өткізбейді.

Елордалық «Барыс» алғашқы ойынында ертең, 3 қыркүйекте Латвияның «Динамо» (Рига) командасына қарсы ойнайды.

Тегтер: