1 Желтоқсан 14:48

Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде орнын сақтап қалды

Фото:

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) мен Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) кезекті рейтинг нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы. NEGE. Olympic.kz ақпаратына сәйкес, қазақстандық теннисшілер бұған дейінгі орнын сақтап қалды. Әйелдер арасында Елена Рыбакинаның нәтижесі жоғары. Ол ТОП-20-ға еніп, 19-шы орында тұр. Юлия Путинцева 28, Зарина Дияс 79-шы сатыда. Рейтинг көшін австралиялық Эшли Барти бастап тұр. Екінші орында – румыниялық Симона Халеп, үшінші позицияда – жапониялық Наоми Осака. Ерлер арасында Александр Бублик 50-ші, Михаил Кукушкин 89-шы, Дмитрий Попко 172-ші орында. Үздік үштікті Новак Джокович (Сербия), Рафаэль Надаль (Испания), Доминик Тим (Австрия) түйіндеген.

Тегтер: