12 Қаңтар 12:35

Қазақстандық футбол клубының директоры қайтыс болды

Фото:

Көкшетаулық "Оқжетпес" футбол клубының директоры Ерлан Бөтембаев 47 жасына қараған шағында көз жұмды, - деп хабарлайды Vesti.kz "Қызыл-Жар СК" командасының баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Бөтембаев еркін күрестен спорт шебері және әскери джиу-джитсудан қара белбеуінің бірінші "сенсей" данын иеленген еді. 

Ол көкшетаулық клубта 2018 жылдың ақпан айыннан істеген. Бөтембаев еңбек еткен уақытта "Оқжетпес" бірінші лигадан премьер-лигаға қайта көтерілген. Ал 2019 жылы Қазақстан чемпионатында жетінші болды, бұл команда тарихындағы ең жоғары нәтиже. 

Бөтембаевтың неден көз жұмғаны айтылмады.

Тегтер: