6 Қаңтар 17:49

Қазақстандық боксшылар АҚШ-қа аттанды

Фото:

Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары оқу-жаттығу жиынын өткізу мақсатында АҚШ-қа аттанды.

Алматы, NEGE. Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткендей, былғары қолғап шеберлеріне бапкер Марат Жакиев жетекшілік жасайды.

Оқу-жаттығу жиынында жалпы дайындық барысына назар аударылады.

Дайындық 30 қаңтарға дейін созылады. Жиынға қатысуға ұлттық құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев, Василий Левит, Бекзат Нұрдәулетов, Закир Сафиуллин сынды боксшылар шақырту алған.

Естеріңізге сала кетелік, қазақстандық боксшылар Токио Олимпиадасына тоғыз салмақта жолдама жеңіп алды. Олимпиада 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді деп жоспарлануда.

Тегтер: