11 Маусым 15:12

Қазақстан құрамасы Олимпиадаға тағы 3 жолдама жеңіп алды

Фото:

Қазақстандық жеңіл атлеттер Токио Олимпиадасына үш лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Айта кетейік, спортшылар тиісті нормативті бұған дейін өткен Қазақстан чемпионаты барысында орындады. Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы қазақстандық спортшылардың нәтижесін бүгін ресми жариялады. Мария Овчинникова, Кристина Овчинникова және Надежда Дубовицкая үш жолдама алып келді. Мария Овчинникова лицензияны үш қарғып секіру жарысының қорытындысы бойынша жеңіп алды. Спортшы 14,34 метр нәтижемен үздік көрсеткішке қол жеткізді. Бұл нәтиже олимпиадалық стандарттан екі сантиметрден асып түседі (14.32). Кристина Овчинникова мен Надежда Дубовицкая жолдаманы биіктікке секіруден алды. Надежда Дубовицкая Азия рекордын жаңартып, 2,0 метр нәтиже көрсетті. Кристина Овчинникова 1,96 нәтижесін тіркеді. Лицензияны орындау нормасы 1,96 нәтижесі болғандықтан, екі нәтиже де Токиодағы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының қоржынында бұған дейін төрт жолдама болды. Оларды Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру), Григорий Шейко, Айман Ратова (спорттық жүріс) және Жанна Мамажанова (марафон) жеңіп алған еді.

Тегтер: