1 Ақпан 15:00

Қазақстан еншісінде бес медаль

Фото:

31 қаңтар күні АҚШ-тың Милуоки қаласында конькимен жүгіру спортынан тарихта алғаш рет «Төрт құрлық турнирі» басталды. Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазТАГ. 

Алматы, NEGE. Роман Креч Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды. Ол 500 метрге жарысудан қола жүлдегер атанған. Осы қашықтықта сынға түскен тағы бір қазақстандық Артур Галиев оныншы орынға тұрақтады.  3000 метрге жүгіруден әйелдер арасындағы бәсекеде Надежда Морозова күміске қол жеткізсе, 5000 метрге жарысқан ерлер арасында Виталий Щиголев алтыннан алқа тақты. Осы бәсекеде Дмитрий Морозов күміске иелік еткен. Спринттен командалық жарыста Артур Галиев, Станислав Палкин және Александр Кленко үштігі қолаға қол жеткізді. Олар Корея мен Қытай құрамаларына жол берген.

Айта кетейік, турнир 3 ақпанға дейін жалғасады.

Тегтер: