13 Ақпан 19:25

Қазақстан биатлоншыларының тізімі анықталды

Фото:
«Италияның Антольц қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты аясындағы биатлоннан аралас

эстафета бойынша Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды», – деп хабарлайды Olympic.kz порталы.

Алматы, NEGE. Галина Вишневская, Елизавета Белченко, Александр Мухин және Владислав Киреевтер Қазақстан құрамасының сапына кірді. Барлығы 27 команда қатысатын аралас эстафета бойынша жарыстың басталуы 13 ақпан күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:45-ке жоспарланған.

Ертең, 14 ақпанда 7,5 шақырымға жеке спринтте әйелдер стартқа шығады. Әлем кубогы 23 ақпанға дейін жалғасады.

Тегтер: