1 Сәуір 09:22

Қазақстан-Украина матчы тең есеппен аяқталды

Фото:

  Футболдан Қазақстан құрамасы Украинамен тең түсіп, алғашқы ұпайды қоржынға салды.

Алматы, NEGE.  Футболдан Қазақстан құрамасы Киевте 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Украинамен 1:1 есебімен тең түсті. Кездесудің 20-минутында Роман Яремчук алаң иелерін алға шығарды. Үзіліске дейін Украина құрамасы бірнеше қауіпті шабуыл жасады, дегенмен, қақпаға екінші голды сала алған жоқ. Екінші таймдағы 59-минутта Серікжан Мұжықов ұтымды сәтті пайдаланып, есепті теңестіре алды.

Біз осы уақытқа дейін Литвадан ұпай алып келген кезіміз болды. Осы уақытқа дейін өзіміздің деңгейіміздегі командаларда ұтып жүрміз. Бірақ осындай азулы қарсыласты мысалы, жұлдыздары бар, Манчестер Сити, Аталантада ойнайтын, Италияның лидері, негізгі құрамада ойнап жүрген жұлдыздары бар Зинченко, Малиновский сияқты, Яремчук сияқты. Осындай команданы біз бірінші рет ұпай алып тұрмыз. Бұл әрине жетістік.

 Киевтегі ойыннан кейін футболдан Қазақстан құрамасы іріктеудегі алғашқы ұпайын еншіледі. Бірінші матчта өз алаңында Франциядан жеңілген еді. Ал Украина құрамасы үш ойыннан кейін 3 ұпайды иеленді. 

Тегтер: