2 Ақпан 12:41

Қазақ спортшысы конькиден төрт құрылықтың бәсекесінде күміс жеңіп алды.

Фото:

АҚШ-та өтіп жатқан коньки спортынан төрт құрылықтың Турниріндегі кезекті жарыста Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі Надежда Морозова екінші орынды иеленді.  Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

Алматы, NEGE. Морозова АҚШ-тың Милуоки қаласында өтіп жатқан коньки спорты бойынша төрт құрылықтың тұңғыш Турниріндегі 1500 метрге конькимен жарысуда тек америкалық Брианна Бококсқа есе жіберіп алды. Осылайша Қазақстан қоржынына осы турнирден түскен медаль саны әзірге 6-ға жетті.

 

Тегтер: