2 Ақпан 14:39

Қазақ спортшылары фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңінде екі медаль жеңіп алды

Фото:

Канаданың Калгари қаласында фристайл-могулдан әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды. Жарыстың соңғы күні Қазақстан құрамасының қоржынына екі медаль түсті. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.  

Алматы, NEGE. 2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Юлия Галышева екінші нәтиже көрсетіп, күміс медальға ие болды. 2019 жылы әлем чемпионы болған қазақ спортшысы француз спортшысы Перрин Лаффоннан бір ұпай ғана кем түсті. Ерлер арасында Дмитрий Рейхерд 84,19 баллмен үшінші тұғырға көтерілді. Канадада әлем Кубогының төртінші кезеңі өтті.  Кубоктың жеті кезеңінің біреуі Алматы қаласында, «Шымбұлақта» өтеді.

 

Тегтер: