14 Қаңтар 19:09

Қазақ спорт академиясының 15 студенті Токиоға лицензия алуға үмітті

Фото:

Жыл сайын әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының рейтингі жарияланады.

Алматы, NEGE. Жаһандық рейтингте Ломоносов атындағы Мәскеу университеті 74-ші орында, ал топ-500 халықаралық рейтингінде – 93-ші орында. Қазақстандық ЖОО-дан тек Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғана жаһандық рейтингте 165-орында, ал Еуразия ұлттық университеті 357-орында. Ал Қазақ спорт туризм академиясы спорттық бағыттағы мамандандырылған жоғары оқу орындарының көш басында.

Қазақтың спорт және туризм академиясының президенті Закирьянов Қайрат Қайроллаұлы: «Бізді жұрт Орталық Азияның басты спорттық ЖОО ретінде біледі. Академия 2044 жылы өзінің100 жылдығында Қазақстанның өзіндік спорттық Гарвардына айналуы керек деген міндет қоямын. Әрине, мұның бәрі салыстырмалы. «Спорттық Гарвард» тіркесі бекер таңдалған жоқ, өйткені Гарвард әлемдегі ең мықты университет.  Біздің де әлемдегі спорттық университеттердің арасындағы беделдісі болғымыз келеді» дейді.

2010 жылы ҚазСТА-ның 2011-2020 жылдарға арналған Даму стратегиясы әзірленіп, қабылданды. Стратегияның басты мақсаты – 2020 жылы кәсіптік білімі мен ғылыми-зерттеу дағдылары жоғары деңгейдегі мамандарды даярлау бойынша Еуразиялық кеңістік елдерінің жетекші бейіндік университеттерінің қатарына кіру. Стратегияны іске асыру бойынша қорытындыларды талдау алға қойылған міндеттердің 95%-ға орындалғанын көрсетеді.

Карантиндік шаралар жағдайында халықаралық және ұлттық жарыстардың күнтізбесі едәуір қысқартылды. Алайда, өткен бірнеше халықаралық жарыстарда біздің студенттер әлем кубоктарында 6 медаль жеңіп алды. Ольга Рыпакова (ж/атлетика), Данияр Қайсанов (еркін күрес), Асхат Дінмұхамбет (күрес), Дәулет Теміржан (дзюдо), Милад Кәрім (гимнастика) 5 студент пен түлек Токио қаласында өтетін олимпиадаға қатысуға лицензия алды. Тағы 15-тен астам спортшы лицензия алуға үміткер.

Тегтер: