15 Желтоқсан 14:13

Қазақ күресінен Әлем чемпионаты қызып жатыр

Фото:

Qazaq Kurеsi халықаралық федерациясының хабарлауынша, боз келемде Украина, Грузия, Австрия, Норвегия, Эстония, Франция, Ирландия, Германия, Пәкістан, Өзбекстан, Иран, Ұлыбритания, Қырғызстан, Үндістан, Литва, Словения, Ресей палуандары белдесіп жатыр.

Алматы, NEGE. 8 салмақ дәрежесі бойынша әлемдік атақ пен медаль беріледі. Әлем чемпионатын ұйымдастыру комитетінің шақыртуымен Ақтөбе қаласына әр елден бес балуан мен бір бапкер келді.

«2019 жылғы Әлем чемпионаты символдарының бірі – Олимпиада алауы. Чемпионат өтетін Ақтөбе қаласының танымал символы – қызғалдақ. Қазақстанның батыс өңірі мұнай және газ кен орындарына бай. Сондықтан символдардың екінші түсіндірмесі – отты қызғалдақ. Логотиптің дөңгелек формасы шараның халықаралық, жаһандық мәртебесін көрсете отырып, жер шарының бейнесін білдіреді. Қызыл, сары және көк түстер қазақ күресінен жарыстар өтетін татами дәстүріне сай. Бұл түстер логотип кодының негізі. Чемпионатты 20 спорт төрешісі бағалайды. Олардың 12-сі – қазақстандық, 8-і – шетелдік төрешілер. Төрешілер құрамына Қазақстан, Украина, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Литва және Армения мемлекеттерінің өкілдері қатысады. Qazaq Kuresi халықаралық федерациясы ұйымдастырған чемпионаттар тарихында алғаш рет төрешілер құрамына Қырғызстаннан келген әйел төреші қосылды», – деді ұйымдастыру комитеті.

Жарыстың бас төрешісі – халықаралық дәрежедегі Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері, PhD докторы – Ербол Мырзабосынов.

Qazaq Kuresi халықаралық федерациясы алтын, күміс, қола медальдардан басқа, үздік техниканы, әдемі лақтыруды және 2019 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жету ниеті үшін күрескерлерді марапаттайды.

Тегтер: