28 Қазан 11:32

Кәсіби бокс кеші қай телеарнадан көрсетіледі?

Фото:

 Осы сенбінің кешінде Атырауда кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Шаршы алаңға әуесқой бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мықтылары да шығады. Абылайхан Жүсіпов пен Бекзат Нұрдәулетов және Данил Семёнов кәсіби рингте тұңғыш жекпе-жектерін өткізеді. Былғары қолғап шеберлері Атырауға келіп, дайындықтарын пысықтап жатыр. Бокс бәсекесі көрерменсіз өтеді. Сондықтан жанкүйерлер шаршы алаң сайысын «Хабар» арнасынан тікелей эфирде көре алады. 

Боксшы Абылайхан Жүсіпов: "Қазір карантин кезінде кішкене жарыстарға шыға алмай қалдық. Сондықтан Алла қаласа, 31-і күні жекпе-жек өткіземіз. «Хабар» телеарнасынан бізді көріп, бізге жанкүйер болыңыздар" деді.

Тегтер: