2 Тамыз 09:58

Қарағандыда үстел теннисі орталығы ашылады

Фото:

Қарағандыда халықаралық талаптарға сай әлемдік дәрежедегі үстел теннисі орталығы ашылады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Алматы, NEGE. Үстел теннисінен Қарағанды спортшылары бүгінде Қазақстанда көш бастап тұрған атлеттер қатарында. Былтырғы маусымда олар 16 халықаралық, 17 республикалық жарысқа қатысты. Нәтижесінде, барлығы 27 алтын, 26 күміс және 22 қола медаль жеңіп алды.

Ересектер ұлттық құрама сапында Қарағандының 7 өкілі, жастар құрамында – 2, ал жасөспірімдер командасында 9 қарағандылық теннисші бар. Қазіргі таңда қарағандылық Зәуреш Ақашева республикалық рейтингте көш бастап тұр.

Ал ең жас, 13 жастағы Алан Құрманғалиевті Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) әлемдік Hopes Week турниірнің үздік ойыншысы деп тапты.

Қарағандыда ашылатын үстел теннисі орталығында жаттығу және ойын залы болады. Сондай-ақ, аталған орталықта әлемдік ITTF кезеңдерін өткізуге болады.

Тегтер: